Ақтауда FIBA халықаралық баскетбол қауымдастығының стандарттары бойынша салынған Орталық Азиядағы бірден-бір Kia Basketball Park баскетбол алаңының техникалық ашылу салтанаты өтті. Жаңа алаң Республикамыздағы баскетбол қозғалысының дамуына елеулі үлес қосады.
Қазақстанның жастарына жабыны жақсы сапалы баскетбол алаңдары қажет. Kia Basketball Park-тің техникалық деңгейі мұнда халықаралық ауқымдағы жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Айтпақшы, бұл Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Kia брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы ашқан алаңның ағылшын тіліндегі атауынан көрініс тапты.
Ақтау кездейсоқ таңдалған жоқ, өңірлерде спортты дамытқан жөн, ал туристік әлеуеті жоғары теңіз жағалауындағы қала халықаралық баскетбол турнирлерін ұйымдастыруға барынша қолайлы. 2025 жылы Kia Basket Champ турнирі өтпекші, оны кейінірек егжей-тегжейлі хабарлайтын боламыз.
Естеріңізге сала кетейік, Kia бренді Солтүстік Американың ең беделді баскетбол лигасы NBA мен WNBA әйелдер лигасының ресми автокөлік серіктесі болып табылады. Ал Allur компаниясы ұзақ уақыт бойы әуесқойлық және кәсіби деңгейдегі спортты қолдап келеді. Бұл футбол, хоккей, волейбол, жеңіл атлетика, велоспорт, триатлон, үстел теннисі, шахмат, енді баскетболға да қатысты. Компания «Барыс» хоккей командасы мен «Тобыл» футбол клубының демеушісі, ал Allur шағын футбол клубы әуесқойлар арасындағы футзалдан 2023 жылғы Әлем Кубогын жеңіп алғанын ерекше атап өткен жөн.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-20:00
Сб-Жс 10:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-19:00
Сб-Жс 10:00-18:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – DOSCAR Vostok UKG ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»